Сандар сиқыры. Сандар тізбегі. Математика сынды сабақтарда үздік болу үшін ашық сабақтардың қосар үлесі мол. Осы орайда жуырда Түркістан облысындағы Жетісай ауданына қарасты «І. Есенберлин атындағы №54 жалпы білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жақыпова Баян математика пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақтар әрқашан оқушылардың да, мұғалімдердің де жоғары бағасына ие. Бастауыш мектепте математиканы оқыту үшін «Сандар тізбегі» тақырыбының маңызы зор. Осы сабақтың арқасында оқушылар жаңа материалды меңгеріп, логикалық ойлауын дамытып, сандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. Бастауыш сынып мұғалімі Жақыпова Баян оқушыларына сабақты қызықты, тәрбиелі етіп өткізді. Тамаша тақырып және сабақ мақсаттары. Сан тізбегі туралы, әсіресе 100 мен 1000 аралығындағы сандарды үйрену оқушыларға сандардың құрылымын және олардың байланыстарын жақсырақ түсінуге көмектеседі. Белгілі бір заңдылық бойынша сандар тізбегін құрастыру балалардың логикалық ойлауын дамытып қана қоймайды, сонымен қатар олардың сандармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі. Сандар тізбегіндегі бұзушылықтарды анықтау оқушыларға қателерді талдау және түзетуді үйренуге мүмкіндік береді, сол арқылы олардың зейінділігі мен жіберілген қателермен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Баян Жақыпованың сабағы қызықты әрі танымдық болды және оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, бүгін аталмыш мектептің ұстазы Абенова Мақпал ұстазымыз 1сыныптар арасында «Ойна да, ойла» атты сайыс сабақ өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларға танымдық, ұлттық тәрбие беру. Ойларын шапшаң, жүйелі әрі еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Мақпал апай оқушыларды сайыстыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды да дәріптеп өтті. Ол балаларға жұмбақтарды, логиканы дамытуға арналған тапсырмаларды, зейін мен зеректікке арналған ойындарды сұрады. Балалар өз қабілеттерін көрсетіп, байқаудан жағымды эмоциялар алып, жарысқа қуана қатысты. Мұндай іс-шаралар балалардың ақыл-ойы мен логикалық ойлауын дамытып қана қоймай, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға және дамытуға ықпал етеді. Ұстаз Әбенова Мақпал шәкірттерінің болашағына алаңдап, олардың зерделі болуына көмектесіп, ұлтжандылыққа, мәдениетіне деген құрметпен тәрбиелеуде.