Оқушыларды түрлі ғылыми жобаларға қатыстыру олардың таным көкжиегін кеңейтетіні анық. Әсіресе «Зерде» ғылыми жобалар сайысының алатын орны ерекше. Оған 2-7 сынып оқушылары қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған осындай қызықты да пайдалы сайыстарға белсене қатысуда. «Зерде» байқауы балаларға өздерінің ғылыми әлеуеті мен шеберлігін көрсетуге тамаша мүмкіндік болып отыр. Осындай іс-әрекеттер арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін аша алады, ғылыми саладағы білімдерін тереңдете алады және жобалармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының оқушыларын осы сайыста сәтті өнер көрсетті, сонымен қатар алдағы уақытта да жарқын ғылыми жетістіктерге қол жеткізетіні анық болып отыр. Байқаудың облыстық кезеңіне жолдама жеңіп алған аудандық кезеңнен сәтті өткен оқушылардың жетістігіне қуанушылар көп. Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 6-сынып оқушылары Бекмурза Арон Бауыржанұлы мен Әділхан Жансезім Нұржанқынының облыстық кезеңнің жеңімпазы атанғаны қуанышты жаңалық. Сондай-ақ 7 «Б» сынып оқушылары Дияс пен Әлжан Аянды география пәнінен 1 орын алды. Жетекші және педагог-зерттеуші Қасмурзаева Гүлшат оқушылармен сәтті жұмыс істеп келеді. Облыстық кезеңнің барлық қатысушыларына алдағы уақытта ғылыми және зияткерлік сайыстарда жеңістер мен жетістіктермен оралары сөзсіз. Бастауыш сыныптар бойынша 2″Б» сынып оқушысы Давуд Динара Давронқызы ауданнан І орын облысқа жолдама жеңіп алды. Жетекшісі педагог-зерттеуші Касымбекова Алия. Этномәдениеттану пәні бойынша 4 «А» сынып оқушысы Жұмабай Аяна ауданнан І орын алып, облысқа жолдамаға қол жеткізді.