Бүгінде ән, би үйірмесіне қатысып үлкен жетістіктерге жетіп жатқан жас таланттар жетерлік. Жуырда Республикалық ІІ «Аққу” би чемпионаты өткен болатын. Аталмыш шарада Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Балалар өнер мектебі” би үйірмесінің жетекшісі Жоламанова Дина Балмағамбетқызы “Қаракөз” би ансамбілімен жүлделі бас жүлдені жеңіп алды. Бұл – қатысушылардың таланты мен кәсіби шеберлігін ғана емес, би өнеріне деген ыждағаттылықты, күш-жігерді, адалдықты көрсететін тамаша жетістік. Мұндай жеңістер ұжым мен басшыға қуаныш пен мақтаныш сыйлап қана қоймай, өңірдегі мәдениет пен өнердің дамуына да септігін тигізеді. Би – өзін танытудың бір түрі ғана емес, өнер арқылы адамдарды біріктіретін әдіс. Дина Балмағамбетқыызы Жоламанова және «Қарақөз» ансамблінің барлық мүшелері би өнерінде алға қойған мақсаттарына жету жолында одан әрі шығармашылық ізденіс үстінде. Бұл лайықты мойындау және дағдыларын одан әрі дамытуға және жақсартуға ынталандыру болып табылады. Аталмыш байқаудың мақсаты- оқушылардың жан-жақты дамып, еліміздің ертеңі — жастардың рухани кемелденіп, рухы мықты, танымы мен тағылымы кең тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Сондай- ақ талай конкурстардың лауреаты атанып жүрген «Қаракөз» би ансамблінің жетекшісі ретінде де Жоламанова Дина Балмагамбетова “Үздік хореограф” дипломымен марапатталды. Жалпы түлкібастық өрендердің жеңісі мұнымен ғана шектеліп қалмайды. Олардың жетістіктері жетерлік. Соның бір дәлеліндей жуырда Түлкібас ауданының білім бөлімі, Түркістан облысы білім басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” 2023 жылғы 20 қараша күні сағат 9:30 да “Жанкент ЖББМ-нің” базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І кезеңінің аудандық ашылу салтанаты өтілді. Олимпиада ашылуының барысында мектептің “Қаракөз” би ансамбілі өздерінің әсем билерімен салтанатты түрде ашып берді. Қатысушылар мен көрерменге керемет көңіл күй сыйлады. Бұдан бөлек те, түлкібастық өнерлі өрендердің жеңісі көп. Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебінің қобыз сыныбының оқытушылар Айткұлова Айша Бекжігітқызы мен Қалмен Назерке Қанатқызы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Узбекистон давлат ёш томошабинлар театрының сахнасында өткен “Азия таланттары” атты халықаралық өнер байқауында аспапта орындау номинация бойынша 11-13 жас аралығында өне көрсетіп, Елемес Назерке І орынды иеленді. Оның өнеріне қошемет көрсеткендер көп болды. Сондай ақ аспапта орындау номинациясы бойынша 14-16 жас аралығы бойынша Самойлова Дарья өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Оқуышлардың жеңісі аудан көлемінде ғана қалып кетпей облыстың да мерейін өсіріп отыр. Талантты оқушылар болашақта да жеңіс тұғырынан көріне берері сөзсіз.