Талантты жастар өсіп келеді. Олар ертең ақ еліміздің атағын аспандатар нағыз жұлдыздарға айналары анық. Жуырда Түркістан қаласындағы Фараб кітапханасында өткен «ТҮРКСОЙ» Республикалық шығармашылық байқауында өңірімізден көптеген таланттар қатысты. Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” Қобыз сыныбының оқытушылары Айткұлова Айша Бекжигитовна мен Қалмен Назерке Қанатқызы аталмыш байқауда оқушылары Елемес Назерке және Асылқызы Маржан аспапта орындау номинациясы бойынша үлкен топта өнер көрсетіп бас жүлдені қанжығаларына байлады. Әрі қаржылай 50.000 мың теңге жеңіп алды. Бұл тамаша жетістік және топтың музыканттығы мен талантының жоғары деңгейін көрсетеді. Мұндай байқауларға қатысу оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, топта жұмыс істеуге және ортақ мақсаттарға жетуге көмектеседі. Бұл жеңіс алдағы жетістіктерге ынталандыру болып табылады, мұғалімдер мен оқушыларды жаңа шығармашылық жобаларға шабыттандырары сөзсіз. Аспата орындау бойынша өнер көрсетіп 6-10 жас аралығында Тұрарбек Раййан 2 орынды иеленді. Жетекшілеріде кереметтей дарынды шәкірттер дайындағаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан бөлек, Түркістан облысының білім басқармасының Түлкібас ауданының білім бөлімінің “Балалар өнер мектебі” би үйірмесінің жетекшісі Жоламанова Дина Балмагамбетовна “Қаракөз” би ансамбілімен Түркістан қаласында өткен “DANCE BATTLE” халықаралық бишілер байқауында бас жүлдені иеленді. 6-10 жас аралығы кіші топта өнер көрсеткен таланттар топ жарды. Бишілер марапатталып 50.000 тг көлемінде сыйақы табысталды.
Связанные истории
18.11.2024
19372
18.11.2024
18532