Бүгінде қоғамда зорлық зомбылық әрекеттерінің белең алуына байланысты оның алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Оқушыларға қауіпті кеселдің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары қарқын алып отыр. Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 25 қараша күні жасөспірімдер арасында жиналыс өтті. Аталған жиналысқа Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚГ инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметова , “Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі” сектор меңгерушісі Жазира Абылова, Арыс қаласының білім бөлімінің әдіскері Салтанат Маликова, Торабтық аурухана психологы Нұрсұлу Есенова, «Әжелер алқасының» төрайымы Өріккүл Елубаева, ДТІЖО Гульжамал Исаева, сынып жетекшілер және мектеп оқушылары қатысты. Аталмыш акцияны өткізудегі негізгі мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылады. Жиналыс барысында отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қатысты физикалық, экономикалық және моральдық зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы ақпарат берілді. Зорлықтың құрьаны болмас үшін не істеу қажеттігі айтылды. Соңғы әлетте отбасындағы ұрыс-керісті ешкім білмесін дегенге ұмтылыс көбінесе отбасындағы зорлық-зомбылықтың бірнеше рет қайталануына әкелеіп соқтырып жатқаны жасырын емес. Қатысушыларға «Егер зорлық-зомбылықтың құрбаны болғың келмесе» атты жадынамалары таратылды. Акцияның барлық қатысушылары зорлық-зомбылыққа қарсы сөйледі: «Біз зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ісіндегі әрбір іс-әрекетіміз зорлық-зомбылыққа төзетін және оған жол беретіндерге әсер ететініне сенімдіміз!». Оқушыларға жан жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жиында бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға жадынама таратылды. Жиынға қатысқан қонақтар зорлық- зомбылық туралы ойларын айтып, оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. Алдағы уақытта осы бағыттағы алдын алу шаралары жалғасын табатын болады.