Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше. Оқушылар мектеп қабырғасында жүргенде түрлі патриоттық іс шараларға қатысып, өздерінің отансүйгіштік қасиеттерінің негізін қалайды. Жуырда Түркістан облысындағы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Үш нышан» бағыты бойынша 6 сынып оқушылары арасында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу шарасы өткізілді. Сабақ барысында видеоролик көрсетіліп, нышандардың мән маңызы түсіндірілді. Аталмыш шараны өткізудег негізгі мақсат — Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу болып табылады. Оқушылар рәміздерге байланысты түрлі викториналық сұрақтарға жауап берді. Аталмыш шараны Г.Исахан мен үйірме жетекшісі М.Садыбек ұйымдастырды. Алдағы уақытта оқушылардың таным көкжиегін кеңейтетін мұндай бағыттағы шаралар жалғасын табатынын айтып отыр. Бұдан бөлек, «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ де 2023 жылдың 22 қараша күні 3-4 сынып оқушылары арасында « Мен бақытты балдырған», «Бақытты отбасы» тақырыбында сурет сурет көрмесі өткізілді. Аталмыш шара атодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында біріккен жоспар бойынша бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оны әлеуметтік — педагог А.Бакибаева , педагог-ұйымдастырушы Г.Исахан, педегог-психолог А.Маханова, ДТІЖО Г.Исаева ұйымдастырып өткізді. Оқушылар аталмыш шараға белсене қатысты. Түрлі түсті әсемделген суреттері көздің жауын алады. 3 «А» сынып оқушылары І.Қасқырбек, А.Мансұрхан, Ж.Камалбек ерекше көзге түсті. Олардың ақ қағаз бетіне өрнектеген суреттері расында мақтауға тұрарлықтай. Өздері салған суреттері туралы толыққанды айтып берді. Мұндай шараны өткізудегі басты мақсат — балаларға зорлық-зомбылық туралы мағұлмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы заң бар екенін айту болып отыр. Нәзік жүректі кішкентай балаларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне ықпал жасау мақсатында түрлі рухани әңгімелер айтылды. Бұдан бөлек, Түркістан облысының білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 23 қараша күні ДТІЖО Г.Исаева үйірме жетекшісі Н.Құлмуратов және АӘД пәнінің мұғалімі К.Күзембаевтың ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Қысқы кезеңдегі жағдайларда ТЖ алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс – 2023» республикалық командылық – штабтық оқу – жаттығуы өткізілді. Оқуышларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Связанные истории
18.11.2024
19704
18.11.2024
18842