Қазақстандық ғылымды дамыту мектеп қабырғасынан басталмақ. Сондықтан да оқушылардың ғылымға қызығушылығының іргетасын мектептен қалаған дұрс. Бүгінде осы бағытта өңірде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сай «ХХІ ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» атты математика, информатика және физика бірлестігінің онкүндігі салтанаты ашылды. Аталмыш шара мектеп директорының 2023 оқу жылғы 17 қарашадағы №173 бұйрығы негізінде 20-30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткізілді. Аталмыш онкүндікті өткізудегі негізгі мақсат — математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, еліміздегі ғалымдарымыздың жетістіктерін көрсетіп, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру болып табылады. Бүгінде түрлі бағыттағы ғылыми жұмыстарға қызығушылықпен белсене қатысатын оқушылар қатары артып келеді. Олардың зерттеу жұмыстарына деген ынтасы да зор. Мұндай шараның негізгі міндеттері — оқушылардың нақты ғылымдардың ХХІ ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу, әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу, пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату болып табылады. Соның арқасында бүгінде оқушылар түрлі облыстық, руеспубликалық деңгейдегі байқауларға қатысып, табысты оралып жүр.
Связанные истории
18.11.2024
19704
18.11.2024
18842