Ұлттық мүдде, ұлттық құндылық басты бағдарда болуы керек бүгінде. Осыған орай өңірде көптеген іс шаралар өткізілуде. Жуырда Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «С. Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2023-2024 оқу жылында «Ұлттық мүдде» құндылықтары аясында 7”Е” сыныбының жетекшісі Мереке Ибатова сынып оқушыларымен “Ұлттық тәрбие- құндылық бастауы” тақырыбында эссе байқауын өткізді. Аты айтып тұрғандай аталмыш шараның құндылығы өзгеше. Аталмыш бағыттағы сабақты өткізудегі мақсат — ұлттық тәрбиені оқушылардың бойына дарыту, оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда оларды қабылдау, сезіну қабілеттерімен бірге көркем тексті ғылыми негізінде талдай білуге үйрету болып табылады. Оқушылар аталмыш шараға өте белсенді қатысты. Бұдан бөлек, Түркістан облысы, «Арыс қаласының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ДТІЖО Г.Исаева, әлеуметтік педагог А.Бакидаева және педагог-психолог А.Маханованың ұйымдастыруымен 20 қараша күні жоғары сынып оқушыларына «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында профилактикалық тренинг жүргізілді. Мұндай шара өткізу әрине тамаша бастама. Шараны өткізудегі негізгі мақсат — жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу,оқушыларға жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру. Жақсылықты сезіп бағалай білуге уйрету. Оқушылардын қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Трениг барысында оқушылар арасында өмір туралы сұрақ-жауап,пікірталастарымен ой бөлісті. Тренинг соңында оқушылар қосылып өлең жолдарымен бір -біріне әдемі күлкісін, ыстық лебіздерін арнап,амандық тілеп қоштасты. Мұндай тренингтердің оқушылардың дамуына қосар үлесі қомақты.