Соңғы әлетте аудандардағы тілдерді дамыту орталықтары қарқынды түрде жұмыс жасауда. Соның айғағындай жуырда Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі маманы Жұмабаева Инара «Отырар өнер және саз мектебі» қызметкерлерімен «Планы на неделью» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ өте қызықты да тартысты өтті. Қатысушылар өте белсенділік танытты. Аталмыш шараны өткізудегі мақсат — тақырыпқа байланысты тыңдаушыларға жаңа сөздерді есте сақтау туралы бағдарлау, түсінік беру мақсатында өткізілді. Сабақ барысында мұғалім өтілген жаңа тақырыпқа байланысты тыңдаушыларға сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыстармен сабақ өткізіп, түрлі тапсырмалар орындату арқылы қортындылады. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы шаралар жалғасын табатынын айтты. Сондай-ақ араға апта салып, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі маманы Сыздыкова Жазира «Ветеринариялық қызмет» қызметкерлерімен «LUNCH TIME» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұндай ашық сабақтардың тыңаушыларға берері көп. Аталмыш сабақты өткізудегі мақсат — сын тұрғысынан ойлай отырып, тыңдаушыларды ағылшын тілінде тағамдар туралы сөздік қорларын молайту, жаңа сөздермен танысу, қолдана білуге үйрету мақсатында өткізілді. Сабақ барысында мұғалім тақырыпқа орай түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, пікіралмасу, түсіндіру арқылы мазмұнды сабақ өткізіп, түрлі тапсырмалар орындату арқылы қортындылады. Аталмыш мекеме қызметкерлері мұндай бағытта ашық сабақ өткізуде тәжірибелері көп.