Бүгінде тіл саясатын жүзеге асыру күн тәртібініде тұрған мәселе. Осы орайда, Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары тіл саясатын дамытуда ауқымды жұмыстар атқаруда. Аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің орыс тілі маманы Жұмабаева Инара «Отырар өнер және саз мектебі» қызметкерлерімен «Имя существительное» тақырыбында сабақ өтті. Аталмыш сабақты өткізудегі негізгі мақсат — тыңдаушыларға «Имя существительное» яғни зат есім туралы түсінік беру. Жаттығу жұмыстарын орындап, сөйлем ішіндегі зат есімді ажырата білуге сабаққа ықыластарын арттыру мақсатында өткізілді. Тек сабақ өткізу ғана емес, терең талдау жасалынды. Сондай ақ сабақ барысында мұғалім тақырыпты терең түсіндіріп, пікір алмасу түсіндіру, әңгімелеу арқылы мазмұнды сабақ өткізіп, тапсырмалар орындату арқылы қорытындылады. Сондай ақ, Отырар ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің орыс тілі оқытушысы Жұмабаева Инара «Экономика және қаржы бөлімі» қызметкерлеріне орыс тілінен орта деңгейі бойынша 72 сағаттық курсты табысты аяқтап, арнайы сертификаттар табысталды. Бұдан бөлек, ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі оқытушысы Сыздықова Жазира «Өрт сөндіру бөлімі» қызметкерлеріне ағылшын тілінен қарапайым деңгейі бойынша 72 сағаттық курсты табысты аяқтап, арнайы сертификаттар табысталды. Бұдан соң, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі оқытушысы Шаяхметов Ерғазы «Келдібек-Ата» балабақшасы қызметкерлерінен аралық тест алды. Бүгін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ағылшын тілі маманы Сыздықова Жазира «Ветеринариялық қызмет»» қызметкерлерімен «WHAT TIME IS IT?» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: тыңдаушыларға уақыт туралы мағлұмат беру, уақытты сұру және дұрыс қолдана білуге үйрету. Өтілген жаңа тақырыпқа байланысты тыңдаушыларға қосымша тапсырмалар беріліп, сабақты қортындылады.