Әлеумет Тарих пен тұлға Редактор 27.11.2023 9705 Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық балалар кітапханасы оқырмандар үшін арнайы кеш ұйымдастыруда асығы алшы. Аталмыш кітапхана ұжымы әрдайым оқырман талғамына сай түрлі әдеби шаралар өткізіп тұрады. Жуырда аталмыш кітапханада елінің еркіндігін көксеген бірегей тұлға, өр рухты ақын, дауылпаз күйші М.Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай кітапхананың үлкен залында «Тарих пен тұлға» атты жыр кеші өтті. Дауылпаз ақынның өр өлеңдері оқылып, кештің шырайын келтірді. Іс шараға аудандағы Махамбет Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары, Мырзакент кентінде орналасқан Абылайхан Жалпы орта мектебінің және С.Рахимов жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты. Олар Махамбет ақынның асыл мұрасын дәріптеп, өмірбаянымен танысты. Мұндай шараларды өткізу ұлтымыздың ұлы тұлғаларын дәріптеу жас ұрпаққа өшпес өнеге болары сөзсіз. Махамбет Өтемісұлының ерлік өмірі мен жалынды жырларын жастарға насихатталды. Ақынның отты поэзиясымен сусындатып, көркем сөзді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту басты мақсат болып отыр. Ақынның ерлік жолы және жырлары арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерін ояту, отаншылдық рухта тәрбиелеу де бүгінгі күннің басты талабы екені айқын. Рухты оятатын өр өлеңдерді оқушылар шабыттана оқыды. Оқушылар жырдан шашу шашып, әнімен әлдиледі. Барлық оқырман атаулы кешке белсене қатысты. Алдағы уақытта осы бағыттағы кештер жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 31128 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 28856 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 45758