Әлеумет Шебер ұстаздар бас қосты Редактор 27.11.2023 13923 1 оқу мин Бүгінгі таңда Түркістан облысына қарсты барлық аудандағы білім ошақтарында облыстық көлемдегі түрлі семинарлар өткізілуде. Мұндай шаралар мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосар үлесі қомақты. Осыған орай жуырда облысқа қарасты Түлкібас ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінде Түлкібас ауданы білім бөлімінің ағылшын тілі пәні әдіскері Назира Мендебайқызының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәні педагогтерінің облыстық семинары өтті. Оған облыстың түкпір түкпіріндегі ауылдардан келген ұстаздар қауымы қатысты. Мұндай бағыттағы семинарды өткізудегі мақсат — білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және бағдарламаларын іске асыруда оқу-тәрбие үрдісіне білім берудің заманауи әдістері мен түрлерін, озық педагогикалық тәжірибелерді, аудандық әдістемелік кабинеттердің қызметін үйлестіру болып табылады. Аталмыш семинардың тақырыбы «Ағылшын тілі пәнінен тапсырмаларды құрастыру, қолдану және талдау » деп аталады. Аталмыш тақырыпта өткізілген облыстық тәжірибелік семинарға «Білім беруді дамыту орталығының» шетел тілдері пәні әдіскері Мақсат Әбдіжаппарұлы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Сұлушаш Андешқызы қатысып,заманауи ғылыми зерттеулер мен оқытудың алдыңғы қатарлы интерактивті технологияларына негізделген Түлкібас ауданының мұғалімдерінің тәжірибе алмасу барысындағы сабақтарына оң бағасын берді. Педагогикалық ынтымақтастықтан — педагогикалық шеберлікке бөлімінде аудан педагогтері тренингтер ,коучингтер өткізіп , сабақ сапасын арттыру жолдары мен әдістері туралы ой қозғау жүргізді. Әр қатысушыға берері мол тағылымды шара болды. Қатысушылардың барлығы да өзіне қажетті білім алғанын айтты. Семинар соңында қатысушылар арасында кері байланыс орнатылып, шебер ұстаздар тәжірибелерімен өзара кеңінен бөлісті. Аталмыш семинар жоғарғы дәрежеде ұйымдастыруда кәсіби шеберлігін көрсетіп, шығармашылығын шыңдауға қатысқан барлық ұстаздардың еңбегі мақтауға лайықты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 37419 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 35645 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 34690