Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және деструктивті діни ағымдардың алдын алудағы маңызды қадам болып табылады. Осы орайда, жуырда «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Б.Соқпақбаев жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», — тақырыбында кездесу өтті. Деструктивтік діни ағымдар жастарға кері әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан мектеп оқушыларымен кездесу өткізу оларды әртүрлі діни ағымдар, олардың ерекшеліктері мен ықтимал қауіп-қатерлері туралы ақпаратпен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл студенттердің сыни ойлауын дамытуға, ақпаратты талдауға көмектеседі. Кездесуде деструктивті діни ағымдардың белгілерін, олардың жастарға ықпал ету әдістерін және жеке адам мен қоғамға тигізетін зардаптарын талқыланды. Осындай іс-шараларды өткізуде, профилактикалық және ағартушылық бастамаларды қолдауда «Ұлттық сараптамалық талдау» ұйымдары мен қоғамдық қорлардың рөлі зор. Мұндай шаралар оқушылардың сыни ойлауын, саналылығын және дін саласындағы деструктивті әсерлерге қарсы тұру қабілетін дамытуға көмектесетін пайдалы болары сөзсіз. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық — түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев, Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара ауданы Жаушықұм ауыл округі «Қонар ата» мешітінің имамы Е.Сариев, мектептің директоры Е.Ақбердиев қатысты. Аудан әкімінің орынбасары, аудандық ақпараттық — түсіндіру тобының жетекшісі Б.Шомпиев: Бүгінгі таңда еліміздің жас азаматтарының басым көпшілігі радикалды діни ағымдардың ықпалына ұшырау қауіпінде жүргені белгілі. Жастарымыздың радикалды діни ағымдардың ықпалына еріп кетуі олардың жеке ой-түйсігінің әлі де толықтай қалыптаспағандығы. Сондай-ақ, жастардың санасына жат ағымның оңай әсер ететіні анық. Жастардың радикалды діни ағымның жетегіне тез еруінің бірнеше себебін зерделеп көрдік. Бүгінгі таңда еліміздің болашағы — жастар. Біздің жастарымыз түрлі себептермен жат діни ағымның жетегінде кетіп жатқаны қынжылтады. Жастардың радикалды діни ағымның жетегінде кетуінің салдарынан қаншама отбасының шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашты деп сөзін қортындылады. Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Аманов: Діни экстремизм — діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні — олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық — зомбылықтарын көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарастарына сәйкес қайта құруға ұмтылады. Діни экстремизм террористік іс — әрекеттердің туындауына себеп болатын саяси құрал екенін айтып өтті. Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Деструктивті діни ағым ықпалына түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесі дербестігін, өз бетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», — деп бекер айтылмаған. Қазіргі таңда осы талап — тілегін қанағаттандыра алмай, жат ағымдардың жетегінде кету сияқты көріністер орын алып жатқанын жеткізді. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Мұндай шарадардың жастарды жат ағымнан сақтап қалуда атқарар ролі зор. Сондықтан да мұндай шараларды көптеп өткізу қажет ақ.
Связанные истории
18.11.2024
29804
18.11.2024
27914