Есірткі қоғамның жегі құрты. Сондықтан да бүгінде жастарды осы қауіп қатерден қорғау үшін алдын алу жұмиыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жуырда «RESPUBLICA» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Есірткісіз қоғам» тақырыбында жастар және оқушылар арасында сурет салу байқауы өткізілді. Оқушылар қиялына ерік беріп, түрді бағыттағы бейнелерді қағаз юетінде өрнектеді. Бұдан кейін, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Байқауға Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты арнаулы оқу орындарындағы студенттер мен мектеп оқушыларынан жалпы саны 40- қа жуық азамат қатысып, бақ тарын жарыстырды. Мұндай бағыттағы шараны өткізудегі мақсат-жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жастардың шығармашылықтарын дамытып, бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады. Байқауға мәдениет саласының ардагері, суретші Қосқұлақов Ералхан, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, жас суретші Бекболатов Атабек және партия өкілдері қазылық жасап, салынған суреттерге бағаларын берді. Байқау қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан индустриялды инновациялық колледжі мен А.Исмайлов атындағы кәсіптік колледжі бірінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орынды Сайрам ауданы білім бөлімі №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы мен №5 М.Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары иемденді. Ал, үшінші орын Е.Сарманов атындағы Гуманитарлық агроэкономикалық колледжі мен Техникалық колледж студенттеріне бұйырды. алдағы уақытта осы тақылеттес шаралар жалғасын табатын болады.