Бүгінде жастарға әскери патриоттық бағытта тәрбие беру маңызды орында тұр. Жастардың отансүйгіш, рухты болып өсуі үшін мектеп қабырғасында түрлібағыттағы іс шаралар жалғасын табуда. 2023 жылдың 24-қараша күні Түркістан облысы Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы мектеп-интернаты базасында «Әскери патриотты жетекші — 2023» облыстық байқауы өтті. Аталмыш шара кең ауқымда өтті. Аталмыш байқауға 16 ауданнан екі жас ерекшелігі бойынша АӘжТД пәні оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты. Олардың барлығы да үлкен дайындықпен келген. Аталмыш байқауды өткізудегі мақсат- АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылық ізденістерін арттыру және заманауи педагогтарды айқындау болып табылады. «ВП-4» жаттығуын орындауда (мишень №8, 3 оқ дайындық, 10 оқ сынақ) 40 жасқа дейінгі жекелей сайысында, өз шеберліктерін көрсетіп Халтаев А. (Түркістан қаласы) -І орын, Асанов Е. (Арыс қаласы) — ІІ орын, Сулейменова М. (Түлкібас ауданы) — ІІІ орын, ал 40 жастан жоғары жеке де Камалов С. (Кентау қаласы) — І орын, Аббасова Н. (Сауран ауданы) — ІІ орын, Амиров А. (Түлкібас ауданы) — ІІІ орынға ие болды. Олардың барлығы да асқан шеберлікпен дайындалғандары көрініп тұр. Кіл мықтылар қатысқан шара жоғары деңгейде өтті. Жалпы командалық есепте І орын — Арыс қаласы ІІ орын — Түлкібас ауданы ІІІ орын — Сауран аудандары иеленді. «АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және қайта құрастыру» 40 жасқа дейінгі сайысында нәтижеге ие болғандар: Жұмагелдиев Р. (Отырар ауданы) — І орын. Нұрлыбаев Е. (Қазығұрт ауданы) — ІІ орын. Тасылов С. (Сарыағаш ауданы) — ІІІ орын. ал 40 жастан жоғары жекелейде Камалов С. (Кентау қаласы) — І орын, Амиров А. (Түлкібас ауданы) — ІІ орын, Жыңғылбаев Т. (Жетісай ауданы) — ІІІ орындарды жеңіп алды. Жалпы командалық есепте І орын — Отырар ауданы ІІ орын — Қазығұрт ауданы ІІІ орын — Түлкібас аудандары жеңісті қанжығаларына байлады. Жастарға ұлттық-патриоттық тәрбие беруде тер төккендердің еңбегі елеулі. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы жарыстар жалғасын табатын болады.