«Мен бақытты баламын!» акциясы онкүндік аясында «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» балалар құқықтарын қолдауға және қорғауға бағытталған тамаша бастама. Түркістан облысы, Арыс ауданындағы Жиделі орта мектебінде отбасылық спорттық жарыстардың ұйымдастырылуы отбасы құндылықтары мен салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетеді. Отбасылық спорттық жарыстар ата-аналар мен балаларға бірге уақыт өткізуге, қарым-қатынасты нығайтуға және белсенді өмір салтын сақтауға тамаша мүмкіндік береді. Мұндай іс-шаралар балалардың физикалық дағдылары мен денсаулығын дамытуға, сондай-ақ отбасында өзара түсіністік пен ұжымдық рухты қалыптастыруға ықпал етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ата-аналар мен балалар арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту болып табылатын байқаудың мақсаты маңызды әрі өзекті. Салауатты өмір салты балалардың дамуында маңызды рөл атқарады, ал отбасы салауатты әдеттер мен құндылықтарды ілгерілетуде шешуші рөл атқара алады. Түркістан облысына қарасты Арыс ауданы Жиделі орта мектебін осындай шараның өтуі өте сәтті бастама болды. Бұл балалардың құқықтарын қолдау мен қолдауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Отбасылық спорттық жарыстарды ұйымдастыруда және өткізуде, сонымен қатар бұл іс-шара отбасылық байланысты нығайтуға және барлық қатысушыларға зор серпіліс бергені анық. Нәтижесінде “Жалын” тобы жақсы жетістік көрсетіп 1-орын иемденсе, “Айқын” тобы 2-орын, “Ұшқын” тобы 3-орын алып, мектеп директоры Г.Ауезованың мадақтамасымен марапатталды. Сондай ақ, Арыс аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде өткен шараларға шолу жасап өтсек. Арыс ауданындағы Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде кітап оқудан үздіктер анықталды, Рухани шабыт сыйлаған кеш И.Журба мектебінде Әкім Ысқақтың «Көңіл қымбат» шығармашылық кездесу кеші өтті. «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Аталмыш шараға оқушылар жаппай, белсене қатысты. Ұлттық ойынды ұлықтауға атсалысқандардың қарасы қалың болды. Ауыл мектептері оқушыларына Республикалық пәндік олимпиаданың бірінші кезеңіне 490 Арыстық оқушы қатысты. Арыстық оқушылар өзіндік ойын өрнегін көрсетіп, үздіктердің қатарынан көріне білді. Ташкентте өткен халықаралық өнер байқауында биіктен көрінген Арыстық оқушылар алдағы уақытта тағы да өзге халықаралық жарыстарға қатыспақ. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» мәселелері жөніндегі комиссия отырыс өтті. Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты әдеби кеш Ж.Тәшенов мектебінде өтті. «Өнегелі де білімді отбасы» сайысы өтті. №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушысы Абилқан Нұрбақыт жасөспірімдер және жастар арасындағы Шымкент қаласының чемпионатында 39 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды иеленді. Математика пәнінен зерттеу сабағын «Арыс» жалпы білім беретін мектебінде өтті. Адал ұрпақ Қазақстан құқықтық мемлекет сынып сағаты М.Шаханов мектеп базасында өтті. «Нақты ғалымдар патшасы ФМ» пән бірлестігінің пән апталығы «Майлықожа ақын» мектебінде өтті. «Бояулар сыры» атты сурет салу байқауына С.Нұрмағамбетов атындағы бастауыш мектебінің оқушылары қатысып марапатқа ие болды. «Қазіргі заман өнер мұражайы» ашық сабақ Монтайтас мектебінде қазақ тілі апталығы өтілді. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы №8 В.Комаров мектебінде өтті. «Асық – алтын қазынам» атты іс-әрекет «Ұлбала — Ана» балабақшасында өтті. «Қазақтың ұлттық құндылықтары» «Асылай» балабақшасының бүлдіршіндері арасында іс-әрекет өтті.