Бүгінде оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында түрлі бағыттағы іс шаралар легі жалғасын тауып келеді. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы О. Ағыбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түрлі іс шаралар өткізілуде. Оқушылар аталмыш шараларға белсене қатысуда. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты әдеби ертеңгілік 4 «А» сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: Мұзафар Әлімбаев туралы оқушыларға айта отырып, балаларға арналған шығармаларымен, олардың жазылу тарихымен таныстыру. Ақынның өнегелі өмірі мен шығармаларын кітапханашы Гульнар Жолшыбекова жан жақты баяндап айтып берді. Сондай ақ, О. Ағыбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылы 27 қараша күні «Даналық мектебі» жұмысы бойынша «Ертегі-танымның көзі» тақырыбында 2″Ә» сыныбының жетекшісі К. Есентаева сыныптан тыс іс-шара өткізді. Қонаққа келген Несіпгүл әже оқушыларға ертегі айтып берді . Оқушыларымызда өз білген ертегілерін айтып, түсініктерін айтты. Мақсаты: ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу; өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету. Дәл осы күні яғни О. Ағыбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылы 27 қараша күні үйірме жетекшісі Е.Сауытбеков 9 «А» сынып оқушыларымен » тоғызқұмалақ», «шахмат», «дойбы» ойындарынан жарыс өткізді. Мақсаты: еліміздің ертеңгі азаматтары, бүгінгі оқушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге, шығармашылық-рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға бағыталған. Оқушыларды туған халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеуге ынтасын ояту; Ұлттық спорт түрі – тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту; Тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу; Аталмыш мектепте 8-10 сыныптар арасында сыныптан тыс оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар «Әзілің жарасса…» КТК ойыны өтті. 8 «А» сыныбы: «Байдың балалары» командасы. 8 «Ә» сыныбы: «20-10» командасы. 9 «А» сыныбы «Витамин Ө» командасы. 10 сынып «103» командасы ойын көрсетті. Ойын кезеңдері: 1. Сәлемдесу 2. Үй жұмысы 3. Бес жаңалық 4. Қайым айтыс 5. Әзіл ән 6. Қорытынды КТК қатысушыларының шығармашылық қарым-қатынасы үшін орта құру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ойын тартысты өтті. Барлық командалар жоғары дайындықпен келген. Нәтижесінде 9″А» сынып оқушылары «Витамин Ө» командасы бас жүлдені иеленді. Қатысқан командалар алғыс хаттармен марапатталды.