Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы №7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапхасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Суфизм поэзиясының негізін қалаушы, барлық Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай 5 «ә»сынып оқушыларымен шолу өткізілді.Бұл оқушыларды бүкіл Шығыс мұсылмандарының діни көшбасшысының тарихы мен мәдениетімен таныстыруға бағытталған тамаша бастама. Қожа Ахмет Ясауи – ислам және шығыс мәдениеті тарихындағы көрнекті тұлға. Оның поэзиясы мен ой-пікірлері сопылық пен руханияттың дамуында терең із қалдырды. Өскелең ұрпақтың оның мұрасымен танысып, ислам мәдениетін дамытуға қосқан үлесі туралы білуге мүмкіндік алуы маңызды.
«Б» сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама олардың Қожа Ахмет Ясауи және оның маңызы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар оқушылардың тарихқа, мәдениетке және діни дәстүрлерге құрметпен қарауын дамытуға көмектеседі. Кітапханада өткізілген сауалнама оқушыларға Қожа Ахмет Ясауидің ислам мәдениеті мен руханиятының дамуына қосқан үлесін тереңірек түсінуге және бағалауға көмектесті. Бұл олардың білімдерін кеңейтіп, өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға тамаша мүмкіндік.Тарих пән мұғалімі Әмзеева Гүлбағила апаймен кесене жайлы әңгімелеп берді. Халық арасында Әзірет Сұлтан атымен танымал орта Азиялық философ,ислам уағызшысы, сопылық ақын хикметтері-жастарға рухани азық. Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту.өз ойын айта білуге ,ойлау қабілетін арттыруға, оқу мәдениетін насихаттау, елін,жерін, туған отанын сүюге,рухани жаңғыруға тәрбиелеу. Аталмыш мектепте оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін түрліт деңгейдегі іс шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. 20.11.2023ж күні Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен MODERN TEASHER FEST TURKISTAN-2023 облыстық фестивалінде өткізілген «Ұстаздар Quizi» зияткерлік ойынынан директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат І орын иеленді. Мектеп үшін бұл үлкен абырой екендігі анық. Одан бөлек, мектебімізде 5-6 сыныптар аралығында «Ең үздік сынып» байқауы өтті. Байқау нәтижесінде І орынды 5″ә» сыныбы және 6″ә» сыныбы алды. Ал 22.11.2023 ж күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ филиалында біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі қолдау мақсатында аудан мұғалімдеріне Естемирова Алия Махатовна сабаққа еніп, кері байланыс және әдістемелік кеңес берді. Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзіреттілігін дамыту 5-9 сыныптар 14.08.24.08.23 ж біліктілік арттыру курсынан өткен мұғалімдермен тренер Естемиров Алия Махатовна №7 «Тұран» мектебінде 22.11.23 күні дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде №7 «Тұран» МГ тарих пәні мұғалімі Наханова Гульмира Амантайқызы «Lesson Study тарихы, әдістері жүргізілуін ұсыну» тақырыбында алдағы жоспарлар мен пікір талас жүргізді. 23.11.2023ж күні Мектебімізде «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты 9- 10 сынып арасында өтті .Сайыс нәтижесінде: Бас жүлдені 10″А» сыныбы оқушылары Дәуіт Медеу және Жарылқасын Мерей иеленді.Ұйымдастырған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және 23.11.2023ж күні «№7″Тұран» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекттік мекемесінде мектеп психологтары 11сынып оқушылармен сынама тест алу барысында оқушылардың бойындағы қорқыныш пен қобалжудың алдын -алу жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға сәттілік серіктерің болсын деп жағымды көңіл-күй сыйлады. 24.11.2023ж күні Мектеп инспекторы Шонықбаев Ғалымжан ағай және ДТІЖО Е.Калдарбековтің ұйысдастыруымен қараша айының 20-30күндері аралығында құқықтық тәртіптік іс шарасы бойынша жоғары сынып оқушыларымен жиын өтілді. Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі рейд, денсаулыққа зиянды заттардан аулақ болу, бос уақытты тиімді пайдалану т.б. тақырыптар қаралды. 24.11.2023ж күні Мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогы С. Кенжебекова «Мамандығым-болашағым»жобасы аясында 2,3,4 сынып оқушыларының бейімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. 24.11.2023ж күні Зерде ғылыми жобалар сайысының шыңын бағындарған оқушыларды директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары марапаттады. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6 А сынып оқушылары Бекмурза Арон Бауыржанұлы мен Адилхан Жансезім Нұржанқызы ауданнан І орын облысқа жолдама.Жетекшісі педагог-зерттеуші Касмурзаева Гулшат. География пәнінен 7 «Б» сынып оқушылары Зайт Дияс пен Альжан Аян ауданнан І орын облысқа жолдама алды.Жетекшісі педагог-сарапшы Надиров Нұрсұлтан. Химия пәнінен 7 «Б» сынып оқушысы Жарылқасын Асылжан ауданнан І орын облысқа жолдама.Жетекшісі педагогика ғылымдарының магистрі Тулентаев Алғабас. Математика пәнінен 7 «Ә» сынып оқушысы Сейдали Кәусар Нұрғалиқызы ауданнан І орын облысқа жолдама. Жетекшісі педагог-зерттеуші Құдасова Ақмарал. Информатика пәнінен 7 «Ә» сынып оқушысы Паташ Нұрислам Бекжанұлы ауданнан І орын облысқа жолдама. Жетекшісі педагогика ғылымдарының магистрі Ермек Бақдаулет. Бастауыш сыныптар бойынша 2″Б» сынып оқушысы Давуд Динара Давронқызы ауданнан І орын облысқа жолдама. Жетекшісі педагог-зерттеуші Касымбекова Алия. Этномәдениеттану пәні бойынша 4 «А» сынып оқушысы Жұмабай Аяна ауданнан І орын Облысқа жолдама. 24.11.2023ж күні Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Мамраймов Е.Калдарбеков және аға тәлімгер А.Тұрмұратованың ұйымдастыруымен 1-11сыныптың ата-аналар комитеті төрағалары, төрайымдары мен комитет мүшелерімен және Қамқоршылық кеңес төрағасы Т.Сәрсеков мырзамен ата-аналар жиналысы өтілді. Ата-аналар жиналысы концерттік бағдарлама, ән мен биге, домбырашылардың бірігіп күйді орындауы, психологиялық тренингтермен жалғасын тапты. Сұхбаттар алынып ұсыныстар тыңдалды. 24.11.2023ж күні Жетісай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 3-4сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «Алтын Сақа» олимпиадасынан 4 Ә сынып оқушысы Мелсұлы Арсен ауданнан І орын жеңіп алып облысқа жолдама алды.Жетекшісі педагог-зерттеуші Претова Гулжамал. Және 3 А сынып оқушысы Лесбек Жания ауданнан ІІ орын жеңіп алды.
Связанные истории
18.11.2024
16429
18.11.2024
15527