Бүгінде елімізде отбасы беріктігі, бала мен ата-ана арасындағы қарым қатынасты нығайту бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. жуырда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие бағдарамасы» аясында 9 сынып жетекшілері Н.Данабекова, Г.Құрақбаева мектеп педагог- психологы А.Әбілқасым ата-аналармен «Баланың бас ұстазы Ата-ана!» тақырыбында сабақ өткізді. Аталмыш шара «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспарына сәйкес өткізіліп отыр. Сабақты өткізудегі мақсат — ата-ананың өмірге деген қөзқарасын өзгерту. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту болып табылады. ата-аналарды бала тәрбиесінде сауатын арттыратын мұндай шаралардың берері көп. Сабақ барысында «Темперамент» ұғымымен және оның түрлерімен таныстыру пікірталасы ұйымдастырылып, «Аралас темперамент» түсінігін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. ата-аналар өздеріне қажетті көптеген пайдалы ақпарат алғандарына қуанулы екендіктерін жеткізді. Оқушыларды тәрбиелеуде ата-аналарды ұстаздармен өзара әрекеттестікке шақыру мақсатында «Қол соғу» ойыны арқылы сабақты қорытындылады. Сабақ өте қызықты өтті. Алдағы уақытта осы бағыттағы сабақтар жалғасын табатын болады.
Связанные истории
18.11.2024
16429
18.11.2024
15527