Әлеумет «Отбасы бақыт бесігі» тақырыбында жиналыс өтті Редактор 27.11.2023 61727 1 оқу мин Отбасы шағын мемлекет дейміз. Осы шағын мемлекетте алынған тәрбие дұрыс бағытта болса бала дұрыс дамиды. тәрбие көріп өседі. Сондықтан да отбасындағы тәлім тәрбие мәселесі бүгінде күн тәртібіне шығып отыр. Жуырда Түркістан облысы Ордабасы ауданы білім бөліміне қарасты Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1 сыныптар бойынша ата- аналарымен «Отбасы- бақыт бесігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Аталмыш бағыттағы жиналысты өткізудегі мақсат — ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру, дұрыс тәрбие беруі үшін түрлі іс шаралар өткізу. Ал міндеттері — бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерді тереңдету. Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамыту. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезіндіру болып табылады. Осы тақырыптар қаузалды. Бұдан бөлек, күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды — балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері. Осы тақырыптар тереңірек қаузалып, барынша талқыланды. Жиналыс барысында ата — аналар тренингтерге белсенді қатысты. Өздері үшін де, балалары үшін де өте пайдалы екендігін айтып жатты. «Күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселелерге назар аудармайды екенбіз ғой, көп мотивация алдық» дейді ата-аналар. Алдағы уақытта тағы да осындай шаралар жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді. Мұндай шаралардан кейін күтілетін нәтижелер — баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның саламаттығын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдетеді.Отбасында қолайлы климат құру дағдыларын дамытады. Баланың саламаттығын қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті сезінетін болады. Ата-ана мен бала арасындағы берік қарым қатынасты қалыптастыратын осындай шаралардың берері көп әрине. Ата- аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтып тарқасты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 2691 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10783 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9470