Әлемді аузына қаратар керемет жаңалықтарды ашатан ғалымдар бүгінгі оқушылардың арасынан шығады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мектеп оқушыларының ішінде қазіргі заман талабына сай, ой — өрістері кең, дарынды, шығармашылық қабілеттері бар оқушылар көп. Әрбір жеке тұлғаның бойында өнерге, шығармашылыққа, спортқа деген ынтасы, дарыны болады. Бүгін 27 қараша 2023 жылы «Jana Dauir» мектеп-интернатының базасында Түркістан дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. аталмыш шараға оқушылар белсене қатысты. Нағыз дарынды, талантты оқушылардың арасынан кіл мықтыларды анықтау да әділқазыларға оңайға соққан жоқ. Облыстық кезеңде Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының оқушылары жүлделі орындарды иеленіп қайтты. олар нағыз марапатқа лайықты оқушылар. Атап айтатын болсақ — №74 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Болат Талшын Мақсатқызы. Қорғаға жобасы -«Қоршаған ортаны қорғау» деп аталады, жүлделі ІІ орынға ие болды. Ал №83 А. Байтұрсынов ат.ЖОМ 11 сынып оқушысы Асылбекқызы Аяжан иеленді. Ол ағылшын тілі бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды, №29 К. Тленшин ат. ЖОМ 10 сынып оқушысы Темирбек Шахизат Рустемқызы Секциясы: «Жер және ғарыш» тақырыбын қорғады, жүлделі ІІІ орын иеленді, №20 С. Сейфуллин ат. МГ 11 сынып оқушысы Ахметжанова Әсемай Мадиқызы. Секциясы: «Этномәдениеттану», жүлделі ІІ орын, №74 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Супибекова Айдана Абдулжонқызы. Секция «Этномәдениеттану», жүлделі ІІІ орын. Оқушылар осылайша өздерінің марапаттарымен ауданның абыройын асырды. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті: оқушылардың ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру; ең талантты, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету; ауданымыздың зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Келешекте әрине Қазақстандық ғылымды дамытатын осындай дарынды оқушылар болмақ. Соңғы әлетте ғылымды дамытуға барынша көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Сондықтан да алдағы уақытта ғылымға қызығатын оқушылар қатары артары анық.
Связанные истории
02.01.2025
3474