Әлеумет АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АВТОТҰРАҚ ОЙЛАП ТАПТЫ Редактор 09.12.2023 25535 1 оқу мин Арыс қаласында 7- сынып оқитын жас ғалым Медеу Әділет «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тауып, өз өнертабысын патенттуге құжат тапсырды. Қалаға қарасты Байырқұм ауылындағы М.Шаханов мектебінің оқушысы сабақтан тыс уақытында робототехникамен айналысқанды ұнатады. Мектеп ішіндегі робототехника үйірмесінің жетекшісі Оразбек Смаилдан робот жасаудың негізін үйреніп, үнемі білімін жетілдіріп келеді. Көп ізденістің нәтижесінде жас өнертапқыш биылғы жылы толықтай адамның қатысуынсыз өздігінен автотұрақ қызметін реттейтін ғимарат жобасын ойлап тапқан. Автотұрақтардың жеткіліксіздігі қазіргі заманда ірі қалалардың ең өзекті мәселелерінің бірі екені белгілі. Сондықтан оның ойлап тапқан жобасы көптеген байқауларда топ жарған. Ал биыл наурыз айында Шучье қаласында өткен республикалық байқауда жүлделі ІІ орынды жеңіп алған. Қазіргі таңда Әділет өзінің «Автоматтандырылған автотұрақ» жобасына авторлық құқықты алу мақсатында «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институтына құжаттарын өткізіп, зияткерлік меншік куәлігін алуды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 2434 ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 8770 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 10896