Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл» толуына орай, түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізілуде. 25 жұлдызды күн акциясы аясында да біршама жетістіктер аталып өтті. Жуырда Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл» толуына орай, отандық өнімді қолдау мақсатында ерікті жастармен Ленгір қаласында орналасқан «Әсел өндірістік коперативі» ЖШС-де «Отандық өнім — Тәуелсіздіктің 25 жеңісі» атты акциясы өткізілді. Акция аясында отандық өндірушілердің өнімдері сатып алушылар үшін қолайлы және қол жетімді бағада екендігі айтылып, ерікті жастарымыз сатып алушыларға отандық өнімді тұтынуға шақырды. Сондай-ақ аталмыш акция Көксәйек ауылында да жалғасын тапты. Мұнда жастар отандық өнімдердің импорт тауарлардан артық болмаса кем еместігін, алдағы уақытта тек отандық өнімді тұтынуға шақырды.