Саясат Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады Редактор 03.05.2023 16734 1 оқу мин Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтуде. Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған. Технофесттің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі – Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп кележатқанын айтады. Селжүк Байрактар, Baykar Makina компаниясының техникалық директоры . «Технофест Тәуелсіз Түрік елінің жобасы. Фестивалдің болашағы бар. Биыл біз алтыншы рет ұйымдастырып жатырмыз. Өткен жылы Әзірбайжанда өткізген болатынбыз. Ал, келешекте бауырлас елдерде ұйымдастыратын боламыз» «Қызыл алма» деп аталатын әскери әуе аппаратымыздан кейін ұшатын көлік және ғарыш аппараттарына ден қоюуымыз мүмкін. Бұл қазіргі заман талабы.» Биылғы фестивалдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған бірлігі көпшілікке таныстырылды. Әсіресе аңызға айналған «Байрактар» ұшқышсыз әскери әуе аппаратына көптің қызығушылығы жоғары. Ал оны құрастырушы Селжүк Байрактар болашақта Қазақ елінде де мұндай фестивальдің өтуі мүмкін деді. Селжүк Байрактар: Baykar Makina компаниясының техникалық директоры. «Біздің фестиваль мамырдың басына дейін жалғасады. Бауырлас Қазақ елін осы жерден көргім келеді. Біз түбі бір елдерміз. Ал, келешекте екі елдің жарқын болашағы үшін Технофесті бірігіп Сіздің елде де ұйымдастыруға болады. » Ірі авиациялық шоуға әсіресе студенттермен мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Сондықтан олар осы күндерді жыл бойы күтеміз дейді. Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек. Ғани Өтепбайұлы, Стамбұл Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Вода ценой времени и здоровья: Почему женщины юга Таджикистана несут основную тяжесть водного кризиса 1 оқу мин Саясат Вода ценой времени и здоровья: Почему женщины юга Таджикистана несут основную тяжесть водного кризиса 18.10.2026 11737 Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 11678 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 9770