Саясат ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ЕЛ ТАҒДЫРЫНА ӘРБІР АЗАМАТ ЖАУАПТЫ Редактор 28.12.2023 8867 1 оқу мин Шынында да, әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды. Осы орайда елімізде кейінгі бір жылда болған саяси оқиғаларға көзқарасымды білдіру парызым деп санаймын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Қазақстанның саяси өмірінде болып жатқан қадау-қадау оқиғалар өз бастауын сол Жолдаудан алғанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Аталған құжат мемлекеттің шын мәнінде барлық саласын қамтыған сара стратегиялық жоспар болғанын уақыт дәлелдеп отыр. Олай дейтінім, Президент алғаш рет елді демократияландырудың алғышарттарын айқындап берді. Ең бастысы, онда Мемлекет басшысы ел өміріне ауа¬дай қажет саяси шешімдер мен жаңа мемлекеттік құрылымның табантірегін белгілей алды. Оның үстіне, Президент Жолдауында алдымен биліктің бір қолда шоғырлануын шектеу бағытындағы өзгерістерге ерекше мән бергені бұдан кейін іске асатын барлық игі істердің бас¬тауындай көрінгені тағы рас. Саяси реформаның түпкі мақсаты – елде саяси бәсекелестік ортаны қалып-тастыру. Енді біздің алдымызда Мем¬лекет басшысының «Біз өзіміздің басты игілігіміз – Тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлт¬тық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз» деген ұстанымы аясына топтасып, ел бірлігін нығайту міндеті тұр. Жанат Шардарбекова, Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 1 оқу мин Саясат Діни-экстремистік бағытты насихаттаған 8 адам сотталды 30.04.2024 2659 ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 4465 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 4377