Әлеумет Шымкенттегі қуғын…. Редактор 17.01.2022 8503 1 оқу мин Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 1.100.000 теңге тұратын «Ваз» маркалы автокөлігін белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткендігі туралы жазып көрсеткен. Оқиға Байтулы баба көшесінің бойында орналасқан автотұрақта орын алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткендігін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ауданы Полиция басқарамасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеуде болған автокөлікті анықтайды. Жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып тиісті полиция басқармасына жеткізілді. Автокөлікті айдап кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру барысында анықталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өз кезегінде автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекетіне алғысын білдірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қару иелері абайлаңдар! 1 оқу мин Әлеумет Қару иелері абайлаңдар! 10.07.2025 3083 Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 9459 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 8295