Әлеумет Шымкенттегі қуғын…. Редактор 17.01.2022 15316 1 оқу мин Абай ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 1.100.000 теңге тұратын «Ваз» маркалы автокөлігін белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткендігі туралы жазып көрсеткен. Оқиға Байтулы баба көшесінің бойында орналасқан автотұрақта орын алған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері тез арада келіп, кілтті көлікте қалдырып кеткен жүргізушінің қамсыздығын пайдаланған азамат белгісіз бағытқа айдап кеткендігін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ауданы Полиция басқарамасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеуде болған автокөлікті анықтайды. Жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып тиісті полиция басқармасына жеткізілді. Автокөлікті айдап кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру барысында анықталған азаматтың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Оның нәтижесі бойынша азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өз кезегінде автокөлік иесі полиция қызметкерлерінің жедел іс-әрекетіне алғысын білдірді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961