Әлеумет Қазақстанда несиені 3 айға тоқтату ұсынылды Редактор 19.01.2022 16738 Мәжілісте депутаттар Үкіметке жеке және заңды тұлғалардың несиесін өтеу міндетін 3 айға тоқтата тұруды ұсынды. Мәжіліс отырысында депутат Ерлік Өмірғали еліміздегі соңғы жағдайларда зардап пен залал шеккен кәсіпкерлердің несиесін 90 күнге тоқтату керек екенін алға тартты. Үлкен супермаркеттер мен гипермаркеттер, одан өзге қаншама дүкендер зардап шеккен. Өрт қойылған дүкендердің жарық жүйелері, коммуналдық жүйелері зақымдалған. Одан бөлек, сауда витриналары да қайта қалпына келместей өртеніп кеткен. Енді кәсіпкерлер банктерден алынған несиелерін қалай жабатынын білмей дал болып отыр. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, тауар сатып алуға да қыруар қаржы қажет екені белгілі. Оның үстіне жұмысшылардың жалақысы да бар. Алдын ала есеп бойынша залал мөлшері жүздеген миллиард теңге. Бұл банкроттыққа және өмір бойы қарызданып жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлер үшін әрбір кешіктірілген күннің қаншама өсімпұл «сыйлайтыны» белгілі. «Төтенше жағдай аяқталды. Бірақ, бизнесті қалпына келтіру әлі мүмкін емес, қираған нысандардың жұмысшыларының әлі табысы жоқ. Сондықтан барлығын қалпына келтіру үшін заңды және жеке тұлғалар үшін қарыздарын 90 күнге кейінге қалдыруды ұсынамыз», — деді депутат. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 2910 Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 1 оқу мин Әлеумет Ата-ана құқығы шектеліп, алимент өндірілді 13.09.2025 3191 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 8115