Әлеумет Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен көліктердің иеcі өтемақы ала алады Редактор 19.01.2022 14709 Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров брифингте тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер берілетін мемлекеттен өтемақы туралы айтты. «Бүгінгі күні залалдың орнын толтыру бойынша төлемдер басталған жоқ. Ережелер тура мағынасында енді ғана әзірленді. Қазір олар қабылданып жатыр, содан кейін оларды үкіметтік комиссия бізге әкеледі. Ережені алған кезде міндетті түрде хабарлаймыз. Жеке мүлікке келетін болсақ, біз де осы мәселемен айналысып жатырмыз. Мен түсінемін, көптеген жеке көліктер зақымданған, азғантай бүлінуден бастап, көптеген көліктер толығымен жанып кетті», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров. Ол зардап шеккендерге құқық қорғау органдарына хабарласу қажет болатынын атап өтті. «Егер шығынның жаппай тәртіпсіздіктер кезінде келтірілгені расталса, онда келтірілген залалды, оның ішінде жеке тұлғаларға да өтемақы төлеу мәселесін қарастырамыз», — деді Ілияс Өсеров. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861