Әлеумет Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен көліктердің иеcі өтемақы ала алады Редактор 19.01.2022 12457 Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров брифингте тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер берілетін мемлекеттен өтемақы туралы айтты. «Бүгінгі күні залалдың орнын толтыру бойынша төлемдер басталған жоқ. Ережелер тура мағынасында енді ғана әзірленді. Қазір олар қабылданып жатыр, содан кейін оларды үкіметтік комиссия бізге әкеледі. Ережені алған кезде міндетті түрде хабарлаймыз. Жеке мүлікке келетін болсақ, біз де осы мәселемен айналысып жатырмыз. Мен түсінемін, көптеген жеке көліктер зақымданған, азғантай бүлінуден бастап, көптеген көліктер толығымен жанып кетті», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров. Ол зардап шеккендерге құқық қорғау органдарына хабарласу қажет болатынын атап өтті. «Егер шығынның жаппай тәртіпсіздіктер кезінде келтірілгені расталса, онда келтірілген залалды, оның ішінде жеке тұлғаларға да өтемақы төлеу мәселесін қарастырамыз», — деді Ілияс Өсеров. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5256 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5849 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5103