Әлеумет Шымкент үшінші рет «Алтын белгіге» ие болды Редактор 29.01.2022 16030 1 оқу мин «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясы білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша электрондық журналмен жұмысын қорытындылады. «Белсенділік бақылауы» базасының деректеріне сәйкес Шымкент қаласы үшінші рет «Алтын белгі» номинациясын жеңіп алды. Қалалық Білім басқармасының және Ақпараттық технологиялар орталығының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласы kundelik.kz электрондық журналын жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы көлемінде үшінші рет қатарынан жетекші орын алып отыр. «Күнделік» ЖШС өзінің құттықтау хатында — жаңа мектептердің жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтарға қарамастан, білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде екенін, «Алтын белгіден» басқа, компания Білім басқармасының әдістемелік кабинетіне, 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында электрондық журналды толтыру бойынша қала мектептерінің педагогтарын қолдауда белсенді қызмет атқарған қызметкерлерге құрмет және мақтау қағаздарын тапсыратынын жеткізген. Санитарлық-карантиндік шараларды сақтау мақсатында құрмет марапаттарын пошта қызметі арқылы жібермек. Қосымша айта өтсек, «Күміс белгі» — Ақмола облысының, «Қола белгі» — Алматы қаласының үлесіне тиген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861