Әлеумет Шымкент үшінші рет «Алтын белгіге» ие болды Редактор 29.01.2022 4319 1 оқу мин «Күнделік (Kundelik)» ЖШС компаниясы білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша электрондық журналмен жұмысын қорытындылады. «Белсенділік бақылауы» базасының деректеріне сәйкес Шымкент қаласы үшінші рет «Алтын белгі» номинациясын жеңіп алды. Қалалық Білім басқармасының және Ақпараттық технологиялар орталығының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласы kundelik.kz электрондық журналын жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы көлемінде үшінші рет қатарынан жетекші орын алып отыр. «Күнделік» ЖШС өзінің құттықтау хатында — жаңа мектептердің жұмысын ұйымдастырудағы қиындықтарға қарамастан, білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде екенін, «Алтын белгіден» басқа, компания Білім басқармасының әдістемелік кабинетіне, 2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында электрондық журналды толтыру бойынша қала мектептерінің педагогтарын қолдауда белсенді қызмет атқарған қызметкерлерге құрмет және мақтау қағаздарын тапсыратынын жеткізген. Санитарлық-карантиндік шараларды сақтау мақсатында құрмет марапаттарын пошта қызметі арқылы жібермек. Қосымша айта өтсек, «Күміс белгі» — Ақмола облысының, «Қола белгі» — Алматы қаласының үлесіне тиген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 1 оқу мин Әлеумет КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ 03.05.2024 809 ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1449 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3373