Әлеумет Оқиға орнынан шопанның денесі табылған: Түркістан облысында 1 150 қой тірідей жанып кетті Редактор 31.01.2022 14509 1 оқу мин Түркістан облысында болған өрттен мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенді. Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға болған жерден қойшының мәйіті табылды. Өрт сағат 10.23-те сөндірілді. Өрт аумағының жалпы көлемі анықталып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961