Әлеумет Оқиға орнынан шопанның денесі табылған: Түркістан облысында 1 150 қой тірідей жанып кетті Редактор 31.01.2022 13724 1 оқу мин Түркістан облысында болған өрттен мыңнан астам қой қырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 31 қаңтарда сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенді. Ғимараттың бірінші қабатында мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға болған жерден қойшының мәйіті табылды. Өрт сағат 10.23-те сөндірілді. Өрт аумағының жалпы көлемі анықталып жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861