Әлеумет Шымкент: Биыл 500 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі Редактор 17.02.2022 16217 1 оқу мин Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Сертфикат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып алу барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде 1 млн теңге беріледі. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек. 2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғын сертификаты өтеусіз көмек ретінде үлестіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Осы жылға арналған тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау әлі басталмады. Алдын-ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады. Айта кетерлігі, «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961