Әлеумет Шымкент: Биыл 500 адамға тұрғын үй сертификаты беріледі Редактор 17.02.2022 15421 1 оқу мин Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Сертфикат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бойынша тұрғын үй сатып алу барысында және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде 1 млн теңге беріледі. Бұл – қала әкімінің қолдауымен, әкімдік тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек. 2021 жылы бюджет есебінен 416 тұрғын сертификаты өтеусіз көмек ретінде үлестіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Осы жылға арналған тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау әлі басталмады. Алдын-ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланатын болады. Айта кетерлігі, «Тұрғын үй сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойнша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы тиіс. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861