Әлеумет Шымкент: Қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет қатерлі ісікке күрделі ота жасалды Редактор 22.02.2022 19218 1 оқу мин Асар шағын ауданында орналасқан қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері алғаш рет мидың қатерлі ісігіне күрделі ота жасады. Ота жасалған науқас Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны. Жеті сағат бойы білікті мамандар командасы бас сүйегіндегі ісікті алып тастау үшін ашық түрде ота жасап, науқасты ажалдан арашалап қалды. Түркістандық 16 жастағы қыз баласы ағымдағы жылдың 15-ақпан күні қалалық клиникалық балалар ауруханасында өткізілген Ашық есік күнінде онкогематологтың қабылдауында болып, шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ауыр жағдайдағы науқасты дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандырып, диагностикалық тексеруден толық өткізіп, өмірін аман алып қалу үшін ота жасауға шешім қабылдайды. Күрделі ота кезінде нейрохиругтар ауруханаға жаңадан орнатылған микрохиургиялық аппарат арқылы науқастың сол жақ бас сүйегіндегі ақауды алып тастаған. «Науқас онколог және нейрохиург дәрігерлерінің қарауында болды. Пациентке 17-ақпан күні ота жасадық. Мұндай ота қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет өткізілді. Ауруханаға жергілікті бюджет есебінен жаңа микрохиургиялық аппараты алынған. Ота кезінде осы қондырғыны қолдандық. Енді осы аппараттың көмегімен күрделі оталарды жасап, науқас балалардың өмірін аман алып қалуға барымызды саламыз»-дейді дәрігері нейрохиург Көкшибаев Самат. Осылайша, навигациялық жүйенің көмегімен қатерлік ісік алынып тасталды. Күрделі отаны жоғары санатттағы нейрохирург дәрігерлер Көкшибаев Самат, Абдуллаев Таңсық сәтті жасап шықты. 16 жастағы пациент енді аурухананың онкохирург маманы Сарсенов Жеңістің бақылауында емін жалғастыратын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961