Әлеумет Шымкент: Қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет қатерлі ісікке күрделі ота жасалды Редактор 22.02.2022 6576 1 оқу мин Асар шағын ауданында орналасқан қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері алғаш рет мидың қатерлі ісігіне күрделі ота жасады. Ота жасалған науқас Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны. Жеті сағат бойы білікті мамандар командасы бас сүйегіндегі ісікті алып тастау үшін ашық түрде ота жасап, науқасты ажалдан арашалап қалды. Түркістандық 16 жастағы қыз баласы ағымдағы жылдың 15-ақпан күні қалалық клиникалық балалар ауруханасында өткізілген Ашық есік күнінде онкогематологтың қабылдауында болып, шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ауыр жағдайдағы науқасты дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандырып, диагностикалық тексеруден толық өткізіп, өмірін аман алып қалу үшін ота жасауға шешім қабылдайды. Күрделі ота кезінде нейрохиругтар ауруханаға жаңадан орнатылған микрохиургиялық аппарат арқылы науқастың сол жақ бас сүйегіндегі ақауды алып тастаған. «Науқас онколог және нейрохиург дәрігерлерінің қарауында болды. Пациентке 17-ақпан күні ота жасадық. Мұндай ота қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет өткізілді. Ауруханаға жергілікті бюджет есебінен жаңа микрохиургиялық аппараты алынған. Ота кезінде осы қондырғыны қолдандық. Енді осы аппараттың көмегімен күрделі оталарды жасап, науқас балалардың өмірін аман алып қалуға барымызды саламыз»-дейді дәрігері нейрохиург Көкшибаев Самат. Осылайша, навигациялық жүйенің көмегімен қатерлік ісік алынып тасталды. Күрделі отаны жоғары санатттағы нейрохирург дәрігерлер Көкшибаев Самат, Абдуллаев Таңсық сәтті жасап шықты. 16 жастағы пациент енді аурухананың онкохирург маманы Сарсенов Жеңістің бақылауында емін жалғастыратын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ 238 ТҰРҒЫН ҮЙ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛАДЫ 29.04.2024 1338 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 3106 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 2227