Әлеумет 112 мұғалім жалған дипломмен сабақ беріп келген Редактор 03.03.2022 15373 1 оқу мин Қызылорда облысында жалған дипломмен қызмет атқарған 112 мұғалім анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жоғары оқу орындарына сұрау салу мониторингі нәтижесінде облыс бойынша жалған дипломмен 112 дерегі анықталған. Ол бойынша құзырлы органға ұсыным жолданған. Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтар-маусым айларында аттестаттау комиссиясымен 863 құжатты қаралып, 24 мұғалімнен жалған құжаттың ізі байқалған. Ал, шілде-желтоқсан аралығында 14 мұғалім түпнұсқаны дәлелдей алмады. Алайда, әрбір педагогтан түсініктеме алып, жалақыға үстеме төлеу ісінде бюджетке шығын келтірмеуге назар аударылды. Аталған деректердің әрбірі педагогтік әдеп жөніндегі кеңестерде қаралуда. «Біз облыстық деңгейде жыл сайын педагогтарды аттестациялау барысында мұғалімдердің портфолиоға жалған құжаттарды салу жағдайын анықтап келеміз. Әсіресе күмән келтіретін құжаттарды (сертификат, грамота) ұлттық біліктілік тестілеудің түпнұсқаға сәйкестігін нақтылау ісін ашық жүргізіледі. Теріс әрекеттерге қатысты деректерді дер кезінде анықтау мән берілуде», — деді басқарма басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911