Әлеумет Өзбекстан 16 наурыздан бастап шекарадағы карантиндік шектеулерді алып тастайды Редактор 16.03.2022 7873 1 оқу мин 16 наурыздан бастап Өзбекстан Қазақстан және Тәжікстанмен ортақ шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантиндік шараларды алып тастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, бұл туризмді тез арада қалпына келтіру үшін жасалып отыр. «Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасындағы барлық өткізу бекеттері арқылы екі ел азаматтарын еркін өткізу бойынша барлық шектеулер алынады», — деп хабарлайды ведомство. Вакцина паспорты немесе сертификаты бар азаматтар ПТР-тестін тапсырмай-ақ елге еркін кіре береді. Аталған құжаты жоқ азаматтар 72 сағат ішінде жарамды ПТР-тестінің нәтижесін көрсетуі немесе шекарадан өтіп, Өзбекстан аумағына кірген кезде экспресс-тест тапсыруы керек. Сонымен қатар Өзбекстанның Туризм министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстан аралығында көлік қозғалысына қойылған шектеулердің алынатынын мәлім етті. Тәжікстан Республикасымен шекаралас өткізу бекеттерінің жұмысын жандандыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон штамының таралуына байланысты екі ел азаматтарына Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге шектеу қойылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған 1 оқу мин Әлеумет Қостанай облысында отқа төзімді 7 мың тоннадан астам саз балшық заңсыз өндіріліп, сатылған 03.09.2025 4597 100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды 1 оқу мин Әлеумет 100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды 03.09.2025 5412 Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды 1 оқу мин Әлеумет Психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындауға оқталу бабы бойынша үкім жарияланды 31.08.2025 8757