Әлеумет Өзбекстан 16 наурыздан бастап шекарадағы карантиндік шектеулерді алып тастайды Редактор 16.03.2022 11888 1 оқу мин 16 наурыздан бастап Өзбекстан Қазақстан және Тәжікстанмен ортақ шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантиндік шараларды алып тастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, бұл туризмді тез арада қалпына келтіру үшін жасалып отыр. «Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасындағы барлық өткізу бекеттері арқылы екі ел азаматтарын еркін өткізу бойынша барлық шектеулер алынады», — деп хабарлайды ведомство. Вакцина паспорты немесе сертификаты бар азаматтар ПТР-тестін тапсырмай-ақ елге еркін кіре береді. Аталған құжаты жоқ азаматтар 72 сағат ішінде жарамды ПТР-тестінің нәтижесін көрсетуі немесе шекарадан өтіп, Өзбекстан аумағына кірген кезде экспресс-тест тапсыруы керек. Сонымен қатар Өзбекстанның Туризм министрлігі Өзбекстан мен Тәжікстан аралығында көлік қозғалысына қойылған шектеулердің алынатынын мәлім етті. Тәжікстан Республикасымен шекаралас өткізу бекеттерінің жұмысын жандандыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Еске сала кетейік, 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон штамының таралуына байланысты екі ел азаматтарына Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге шектеу қойылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 5355 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 5926 Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті 12.05.2026 5154