Әлеумет Түркістан облысының тұрғыны көмекші көлік жасап шықты Редактор 18.04.2022 13837 1 оқу мин Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Лесбек батыр елді мекенінің тұрғыны Абзал Жасұзақ ауыл шаруашылығына көмектесетін «темір тұлпар» құрастырып шығарды. Ол бұл техниканы жасауға алты ай уақыт жұмсаған. Шағын ғана жаңа техника мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары үшін таптырмас құрал болғалы тұр. Көлік қожалық аймағында жүк тасуға, қора тазалауға, тағы басқа жұмыстарға өте қолайлы. Абзал Жасұзақ мектепті бітірген соң техникаға әуестігіне байланысты білімін Абай ауылындағы №13 кәсіптік колледжінде жалғастырған. Бұған дейін де 33 жастағы әуесқой маман мал шаруашылығына ыңғайлы бірнеше құрылғылар жасап, оларды пайдалана білген. Жақында жасап шыққан бұл техникасын Абзал шебер «SherAz» маркасымен таңбалапты, онысы «Шебер Абзал» дегенді білдіреді екен. Өнертапқыш қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысады. Оның айтуынша, күнделікті айналысып жүрген кәсібінде бұндай техникалардың пайдасы мол. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911