Әлеумет Асхат Аймағабетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау ұсынысына пікір білдірді Редактор 19.04.2022 17663 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді аттестаттауды алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ұлттықбіліктілік тестілеу кезінде мұғалімнің қайтыс болу оқиғасынан кейін мұғалімдер тапсыратын біліктілік тестерінің саны азая ма? БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке осындай сұрақ қойды. «Аттестация рәсімін алып тастау – ең көп түсетін ұсыныстардың бірі. Оны мен жасыра алмаймын. Мұның алдында 2018 жылдан бастап аттестация енгізілді. Мен осы тестілеуді алып тастаймыз десем, бәрі бөріктерін аспанға лақтырып, қуанатыны түсінікті. Бірақ бізге мұндай арзан пиар қажет емес. Ең қажеті – білім беру сапасы», -деді министр. Сондай-ақ ол салаға қатысты шешім қабылдағанда ең әуелі жекелеген топтарға емес, жалпы халыққа пайдалы жағын негізге алатынын түсіндірді. «Бізде ең басты мәселе – жақсы білім алу мәселесі. Сондықтан біз біреуге ұнау үшін, біреудің тілін табу үшін осындайшешімдер қабылдамаймыз. Біз елге қажетті шешім қабылдаймыз. Бұл өте маңызды мәселе. Осыған көңілдеріңізді аударамыз», — деді Асхат Аймағамбетов. Еске салсақ, Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім көз жұмды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 8448 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 9725 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 10311