Әлеумет «DENSAULYQ» кәсіподағы Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті Редактор 09.05.2022 16364 1 оқу мин 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі анықталды. Жылдар өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі ел есінде сақтаулы. Осыған орай кәсіподақ атынан ардагерлерге құрмет көрсетілді. Оқ пен оттың арасында ерлік еткендердің бірі- Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Алимбаев Ерғали. Қан майданда қызмет еткен ардагер жауынгерді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен арнайы құттықтап барды. Салтанатты шара кезінде Сакен Арыстанұлы емханадағы қызметкерлерді мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіподақ атынан Ергали Садуақасұлына кәсіподақ атынан алғыс хат және бағалы сыйлық табыс етілді. Жалпы мереке қарсаңында 20 ардагер «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961