Әлеумет Кредит кешіріледі. Рас па? Редактор 25.05.2022 81334 1 оқу мин Қазақстандықтар әлеуметтік желіде «кредиттік рақымшылық жарияланды, халықтың қарызы кешіріледі» деген бейнероликті бөлісіп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бейнеролик үш жыл бұрын түсірілген. 2019 жылы президент азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Осылайша 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында 577,7 мың азаматтың жалпы сомасы 120,5 млрд теңге берешегі есептен шығарылды. Алайда бұл бір реттік бастама болатын. «Яғни, видеодағы ақпарат ескірген және шындыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді агенттік. Ведомство қазақстандықтардан жалған мәліметке сенбеуді, ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұрады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 5453 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 5768 «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 24405