Әлеумет Кредит кешіріледі. Рас па? Редактор 25.05.2022 86981 1 оқу мин Қазақстандықтар әлеуметтік желіде «кредиттік рақымшылық жарияланды, халықтың қарызы кешіріледі» деген бейнероликті бөлісіп жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бейнеролик үш жыл бұрын түсірілген. 2019 жылы президент азаматтардың борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Осылайша 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында 577,7 мың азаматтың жалпы сомасы 120,5 млрд теңге берешегі есептен шығарылды. Алайда бұл бір реттік бастама болатын. «Яғни, видеодағы ақпарат ескірген және шындыққа жанаспайды», — деп мәлімдеді агенттік. Ведомство қазақстандықтардан жалған мәліметке сенбеуді, ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұрады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 4254 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 5990 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 7617