Әлеумет Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Редактор 30.05.2022 5142 1 оқу мин Зияткерлік меншік құқықтары заңмен қорғалған Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімімен, «Авторлар әндерінің одағы» РҚБ өкілі және кәсіпкерлердің қатысуымен онлайн семинар өткізілді. Іс-шара барысында, бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану жауапкершілігі және авторлық құқық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару мәселелері талқыланды. ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының (әрі қарай — Заң) 4 бабы, 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар таңбасын оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана алмайды. Заңның талаптарын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік немесе Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексінің 222 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл тарапта құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазақстан республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 43 бабына сәйкес, ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, авторлық және сабақтас құқықтар иелері өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыру мақсатында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар құруға құқылы. Алдағы уақытта департамент мамандары азаматтардың өз құқықтарын қорғау бойынша ауқымды семинарлар өткізбек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Жылдамдықты асырып, алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілер ұсталды 25.11.2024 4188 Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 34645 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 32901