Әлеумет Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды Редактор 09.06.2022 11289 1 оқу мин Қоғамдық орында болсын, отбасында болсын ешкімнің құқығына қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтқан. Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсетуші ер адамның мас халде екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізді. Содан сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, аталған азаматтың есірткі затын қолданғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сонымен қатар тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылды. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6008 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6480