Әлеумет Ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталмақ Редактор 16.06.2022 13590 1 оқу мин Өз затына немқұрайлы қарайтындар ұрылардың жемтігіне айналары сөзсіз. Қараусыз қалған бағалы затты байқатпай қақшып кететін суыққолдылар қайуақытта да қалғымайды. Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9107 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9911