Әлеумет Әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіруде Редактор 18.06.2022 13552 1 оқу мин Мамандық бойынша дайындық – әскери қызметшілерді оқытудың негізгі кезеңі. Ол бір ай бойы жүргізіледі және жеке құрамның атқаратын лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерін зерделеуге бағытталған. Осы кезеңде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналарды ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді. Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу топтары құрылды. Оған Түркістан облысының әскери қызметкерлері де атсалысуда. Оқу кезінде орталық орын практикалық сабақтарға арналған. Олар жаттығу құралдарын пайдалана отырып, оқу сыныптарында, сондай-ақ оқу полигондарында ұйымдастырылған. Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жеке құрам өткен пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Сабақтар ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 40-ТАН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗІ АШЫЛДЫ 26.03.2026 6779 Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте наурыз мерекесі аясында «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті 21.03.2026 8610 Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты Әлеумет Халық әртісі Майра Мұхамедқызы референдумға қатысты 15.03.2026 5983